05 Наурыз, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №56

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 11 ақпан,  Астана, Үкімет Үйі Жамбыл облысы «Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 39 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Темірбек Қожакеевтің есімін беру туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Жамбыл облысы «Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 39 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Темірбек Қожакеевтің есімі берілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов.